“Мұндай мәліметті желіде бөліспеңіз“. ІІМ жасөспірімдерге үн қатты

Ішкі істер министрлігі интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерден басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қарым-қатынас жасауға, білім алуға және қызық сәтті бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай ашықтық қауіпсіздікке қатер төндірмеуге тиіс.

Ведомство негізгі ережелерді ұсынды:

  • Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметті жарияламаңыз.
  • Геолокацияны көрсететін сурет мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс.
  • Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосыңыз.
  • Парақшаңыздың құпия баптауларын реттеп, жазбаңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз.
  • Бейтаныс адамдарға жеке сурет, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз.
  • Бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметіңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз.
  • Күмәнді парақшаны бұғаттаңыз.
  • Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз. Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!