“Мұндай жерді бірінші рет көріп тұрмын“. Қобызшының видеосы желі қолданушыларын таңғалдырды

Әлеуметтік желі қолданушылары танымал қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбектің ерекше видеосына тәнті болды. Ол бұл жолы видеоны Маңғыстау облысында түсірген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Құрманбек Instagram-парақшасында ролик жариялады. Ол бұл видеоны түсіру үшін арнайы екі жерге барған. Торыш шарлар алқабы және Шерқала.

Бұл видеоның астына әлемнің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық адам пікір қалдырған.

"Қобыздың әуені жүректі бір тебірентіп өтті", "Мексикадан сәлем! Сізді осы жақтан көреміз деп үміттенеміз", "Таңғаларлық жер! Мұндай жерді бірінші рет көріп тұрмын", – деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз