- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұндай жағдайды екі...
"Мұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді". Ажырасқан Балжан Бидаш оқырмандарына жазба арнады
"Кеш YOU" тобының экс солисі, әнші Балжан Бидаж сәтсіз некесі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің instagram парақшасында ажырасуына қатысты пікір білдіріп, өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Әнші өткен өміріне еш өкінбейтінін және ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді. Жолы ашық болу үшін бар ашу-ызасын алып тастауға тырысып жүргенін айтты.
"Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру керекті көреміз. Өмірді ұғыну үшін әр түрлі жолдарды кешіп, таңдау жасаймыз.Ол сынақтардан сен оған немесе ол саған бірдеңе бергенін ұғыну да соңында маңызды. Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болу үшін ашу, ыза, агрессия, ренішті мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге деген ренішің бітпейінше, проблемаларың да бітпейді екен. Алдыма түсіп, "былай жасай деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Бізбен тұрып, от-күлін шығарысқандай жазады ғой. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Мұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді. Сондықтан өздері шешкен дұрыс", - деп жазды Балжан Бидаш.
© instagram.com/bidash_official
Айта кетейік, бұған дейін әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы