- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұндай жағдай ілуде...
"Мұндай жағдай ілуде бір кездеседі". ШҚО-да салмағы алты келіден асатын бала дүниеге келді
Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығында алып бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа туған нәрестенің салмағы алты келі 180 грамм болды. Ал қыздың бойы – 57 сантиметр. Ведомство мұндай босану әдеттегіден қиынырақ болғанымен, әйел өзі босанғанын хабарлады.
Босанған әйел 33 жаста, бұл – оның отбасындағы төртінші баласы. Дәрігерлердің айтуынша, сәби мен анасының жағдайы жақсы.
"Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, жалпы республика бойынша өте сирек кездеседі. Оларға денсаулық пен амандық тілейміз", - деді перзентхана меңгерушісі Жадыра Дүсіпова.
Бұл – Шығыс Қазақстанда биыл дүниеге келген тұңғыш алып бала. Ал осы жылы Ана мен бала орталығында дүниеге келген ең кішкентай сәбидің салмағы 730 грамм болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан