• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Мұндай жағдай қалада жиі кездеседі“. ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

“Мұндай жағдай қалада жиі кездеседі“. ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

ІІМ қауіпсіздік ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, балалардың терезеден құлауы - балалар жарақатының ең көп тараған себептерінің бірі.

"Мұндай жағдай қалаларда жиі кездеседі. Көктем басталысымен жазатайым оқиғалар қаупі артады. Балалар терезеден құлаған 13 дерек тіркелді, бір бала қаза тауып, ал 12-сі түрлі жарақат алды. Мұның басты себебі – ата-аналардың балаларды бақылаусыз, қараусыз қалдыруы және олардың ашық терезелерге жақын болуы. Ашық терезелер мен сенімсіз москит торларының қаупін бағалай алмайтын, яғни 7 жасқа дейінгі балалар осындай қауіпке ұшырауы мүмкін", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Рүстем Жүсіпбеков.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция ата-аналарға қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады:

  • баланы ешқашан терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз;
  • тиісті қорғаныссыз москит торларын пайдаланбаңыз;
  • бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп блокаторлар орнатыңыз;
  • жиһазды терезелерден алыстатыңыз;
  • терезе торларын орнатыңыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget