Әлеуметтік желіде қалыңдық көйлегі секілді торттың видеолары мен суреттері тарады. Қазнет қолданушыларының бір бөлігі нан ысырап болғанын жазса, енді бір бөлігі бұл нағыз еңбек екенін жеткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған кадрлардан қыз той көйлегін кигенін, бірақ көйлектің етек жағы торттан жасалғанын көруге болады. Бұл видео іс-шаралардың бірінде түсірілген. Жиналғандар қыздың етек жағындағы тортты кесіп көрген.
Ал Қазнет қолданушылары бұл көріністі сынға алған.
"Не болса да нан ғой, обал болыпты "шоу жасаймыз" деп. Нанмен ойнапты, тоқшылыұ сыналатын заманда өмір сүріп жатырмыз", "Әдемі шыққан. Дегенмен дұрыс емес, нанды қадірлеу керек деп есептеймін. Мен қолдамас едім. Бұл менің жеке пікірім", - дейді Желі қолданушылары.
Тортты дайындаған Самал есімді кондитер нан жерге тапталмағанын жазған.
"Түсінген адам түсінеді, бұл - шетелден келген идея. Бірақ осыны бір қайталап көргенге өте қуаныштымын. Өте көп уақыт және күш жұмсалды. Бұл - таза еңбек. Нан жерге тапталған жоқ. Көзбен көрген тіпті басқаша, басқаша әсер. Мені қолдап жатырған оқырмандарым, сіздерге рақмееет. Әлі талай әлемдік деңгейге жетуге бұйырсын", - деп жазған ол.
Сондай-ақ, ол жақыннан түсірілген, торт кесілген кездің суреттерін жүктеген.
"Бүкіл Қазақстан пабликтері бойынша таңғалдырған, шуға айналған осы тортымыздың конструкциясын (ішкі көрінісін) көрсетіп, қалай құрғанымызды бөлісейін бе?" - дейді ол.
Пікір жазғандар арасынан мұндай ерекше тортқа таңғалғандар да болған:
"Керемет сөз жоқ, біздің қоғамда қолдау емес, көреалмаушылық басым ғой".
"Жұрт айтса айта берсін, шедевр".
"Әрине, үлкен еңбек. Әр адамның қолынан келмейді".
"Бұл шедеврдың артында бір емес бірнеше адамның, мықты команданың еңбегі көрініп тұр. Сөз жоқ керемет".
"Керемет деңгей. Басқа деңгей".
"Мұндай торты бірінші рет көруім".
"Мұндай деген Қазақстанда жоқ қой".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!