- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұнайды контрабандалық жолмен...
Мұнайды контрабандалық жолмен көрші елге тасымақ болғандар ұсталды
ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 миллион теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.
"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина