Бүгінде Қазақстанның батысында мұнай ұңғымалары 2,5 миллион адам пайдаланатын ауыз су көзін ластап отыр. Бұл туралы сенатор Бауыржан Қаниев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттық сауал премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолданды. Оның айтуынша, батыс өңірлерді толық таза сумен қамтамасыз ететін Көкжиде кен орнындағы жер асты суын мұнай өнімдері ластаған. Мұндай жағдай бұл кен орны республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысан тізбесіне енгізілгеніне қарамастан болып отыр.
"2009-2019 жылдар аралығында осы ерекше жер асты суын сақтау үшін Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша "Көкжиде" құмы объектісіндегі 38 ұңғымаға мемлекеттік экологиялық зерттеу жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша жыл сайын жер асты суын мұнай өнімдері ластағаны тіркелді. Ал 2020 жылы Көкжидедегі жер асты суындағы мұнай өнімдерінің рұқсат етілген концентрациясының шекті құрамы 6 есе көбейіп кеткені анықталды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы бойынша Экология депарматенті облыс прокуратурасымен бірлесіп, "CNPC Ақтөбе мұнай-газ" АҚ, "КМК Мұнай", "Фирма Ада Ойл" компанияларының қызметіне тексеріс жүргізді. Нәтижесінде "Көкжиде" құмдарының ластану бөлігінде Қазақстан экологиялық заңнамасы бұзылғаны анықталды. Осыған байланысты 1 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды", - деді депутат.
Бауыржан Қаниева шұғыл түрде іске асуға тиіс бірқатар шараны ұсынды:
Оның сөзінше, жоспардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау қажет.
"Құрметті Әлихан Асханұлы, бұл ұсыныстар жай ғана мұнай өндіруші компаниялардың іс-әрекетін тоқтату емес, бұл 2,5 миллионға жуық адам пайдаға жарататын тіршілік көзін сақтап қалу үшін туындаған мәселе екенін назарыңызға саламыз", - деп сөзін түйіндеді сенатор.
Аяз Есен
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!