Мұнай тиелген танкердегі жарылыс: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Ливия жағалауында жарылыс болған танкер туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа пікір білдірді. Кейбір деректер бойынша мұнда қазақстандық мұнай болуы мүмкін екені айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік бұл ақпарат шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.

"Оқиға жеке меншік танкерде болған, соңғы рет Ливия порттарының бірінде тиелген. Оқиға кезінде танкерде қазақстандық мұнай болғаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!