- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұнай компаниясындағы қызметкерлердің...
Мұнай компаниясындағы қызметкерлердің өлімі: жаңа деректер пайда болды
Қызылорда облысындағы мұнай компаниясының екі қызметкерінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алдыңғы аптада мұнай компаниясының екі жүргізушісі белгісіз жағдайда қайтыс болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, олар белгісіз заттан уланып қалған.
Тағы бір ер кісі зардап шеккен, ол көпсалалы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 40 жастағы ер кісі ауруханаға 2023 жылғы 3 ақпанда ауыр жағдайда жеткізілген. Алдын-ала диагнозы - белгісіз заттан уланған.
"Біз науқас жеткізілген сәттен бастап қарқынды терапия жүргізіп жатырмыз. Емнің арқасында науқастың жағдайы дұрысталып келе жатқаны байқалады", - деді Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы ("Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан