Мұнай-газдың қарқынды игерілуінен Маңғыстауда 7,9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Мұнай-газдың қарқынды игерілуінен Маңғыстауда 7,9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін

Мамандар болжамынша, Маңғыстауда 7,9 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін. Бұған мұнай-газдың қарқынды игерілуі себеп, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірде 63 мұнай-газ кен орны бар. Олар жылына 16 млн 700 мыңнан астам мұнай өндіріп отыр. Маңғыстауда табиғи жер сілкінісіне қарағанда, техногендік жер сілкінісінен қауіп жоғары. Техногендік яғни, жасанды жер сілкінісі мұнай-газды қарқынды игеру кезінде болады. Сондықтан алаңдауға негіз бар, - дейді Алматы қалалық сейсмология институты аймақтық сейсмология зертханасының меңгерушісі Айгүл Данабаева.


Осыған орай, өңірде сейсмикалық бағалау жүргізу ұсынылды. Мұндай шара техногендік апаттың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Облыс бойынша 14 елді мекен қауіпті аймаққа енгізілген. Біз қазір Сейсмология институтынан бағалық ұсыным күтіп отырмыз. Келген бойда облыстық әкімдікке тапсырылады. Жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, аймақта сейсмикалық бағалау жұмыстарын жүргізу жоспарда, -дейді Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Данияр Елшібаев.


Аймақта соңғы рет 2009-жылы 3,4 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі Атырау облысындағы сейсмологиялық станцияда тіркелді. Өйткені Маңғыстауда сейсмикалық қондырғы мүлде жоқ.


Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы