Мұнай бағасы төмендеп кетті

АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас жақсаруы мүмкін деген жаңалық аясында мұнайдың әлемдік бағасы кейінгі бірнеше айдағы ең төмен деңгейге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана уақытымен сағат 11:36-дағы мәлімет бойынша Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,1 пайызға арзандап, баррелі 70,78 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері 1,21 пайызға төмендеп, баррелі 67,75 доллар болды.

Айта кетейік, өткен аптада мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғаннан бергі ең төменгі деңгейге жеткен еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!