• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мұнай бағасы төмендеді

Мұнай бағасы төмендеді
Фото: depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ-тағы қорлар туралы ресми деректер жарияланғаннан кейін төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лондон ICE биржасында Brent мұнайының сәуірдегі фьючерстерінің құны 3,31 пайызға төмендеп, барреліне 74,45 доллар болды. Бұл туралы Астана уақытымен 08:20-дегі сауда деректері көрсетіп отыр.

WTI маркалы мұнайдың наурыздағы жеткізілім фьючерстерінің бағасы 3,62 пайызға төмендеп, барреліне 70,66 доллар болды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда доллар күрт арзандап кеткені хабарланды.

12 ақпанда Астананың айырбас пункттерінде доллар 506,05 теңгеге сатылып, 499,06 теңгеге сатып алынды. Алматыда америкалық валютаны 503,84 теңгеге сатып, 499,96 теңгеге сатып алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget