АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелуіне байланысты мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 90 доллардан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана уақытымен сағат 08:15-тегі жағдай бойынша Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері 3,27 пайызға өсіп, барреліне 91,42 долларға жетті.

Америкалық WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 3,32 пайызға қымбаттап, барреліне 85,14 доллар болды.
Суреттер: ice.com сайтынан
Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы 60 күндік меморандумның мерзімі 17 тамызда аяқталды, ал тараптар оны ұзарта алмады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова