Brent маркалы қара алтын құны бір барреліне 53 долларға жетсе, ал WTI-дікі 49,87 долларды құрап отыр.
Оған Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздығы және АҚШ-та шикізатты өндіру көлемінің төмендеуі мүмкін деген болжамдар себеп болған.
Ал Кувейтте өткен конференцияда сөз сөйлеген ОПЕК бас хатшысы Абдалла Сәлем әл-Бадри мұнай саласында үздік көрсеткіштер әлі алда деп отыр. Оның айтуынша, 2040 жылға дейін қара алтынға деген сұраныс тәулігіне 110 млн баррельге дейін жетуі мүмкін. Бүгінде бұл көрсеткіш әлем бойынша шамамен 75 млн баррельді құрап отыр.
Дереккөз: 24.kz