3 тамыздағы таңғы саудада мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді. АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс бәсеңдеп, Brent және WTI бағалары бес пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана уақытымен таңғы сағат 8:10-дағы жағдай бойынша Лондон ICE биржасында Brent фьючерстері 5 пайызға төмендеп, баррелі 83,53 доллар болды.

АҚШ-тың WTI шикі мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 5,68 пайызға төмендеп, баррелі 79,86 доллар болды.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жоспарланған әскери шабуылды тоқтатып, дипломатияға тағы бір мүмкіндік беруге дайын екенін мәлімдегеннен кейін осындай өзгеріс болды.
Енді екі тарап келісімге келіп, әлемдік мұнай жеткізудің негізгі бағыты саналатын Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қалпына келуі мүмкін. Алайда Тегеран әлі ешқандай келісімге қол жеткізілгенін растаған жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова