Дүйсенбіде АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран аралына соққы жасауы және Тегеранның бұған жауап қайтаруы салдарынан мұнай қымбаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ice.com мәліметінше, Астана уақытымен сағат 05:40-тағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,08 долларға немесе 1,23 пайызға өсіп, барреліне 89,18 доллар болды.
Ал америкалық West Texas Intermediate мұнайы 92 центке немесе 1,10 пайызға қымбаттап, 84,32 долларға жетті.
Бұған дейін АҚШ әскері соққы жасап, Ормуз бұғазында орналасқан Иранның Ларак аралындағы екі ұшыру қондырғысын жойған болатын.
Бұған жауап ретінде Иран АҚШ-тың Иорданиядағы екі әуе базасына шабуыл жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!