Мұнай бағасы күрт көтерілді

Мұнай бағасы күрт көтерілді
Фото: depositphotos.com

АҚШ Иранға қайта соққы жасап, ирандық мұнайды сату лицензиясының күшін жойды. Ал мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іce.com мәліметінше, Brent маркасының қыркүйектегі фьючерстері 2,75 пайызға қымбаттап, барреліне 76,5 долларға дейін көтерілді.

Бұл АҚШ әскерилері бірқатар соққы жасағаннан кейін болып отыр. АҚШ 7 шілдеде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап ретінде ирандық нысандарға қайта шабуыл бастады.

Сондай-ақ, АҚШ Қаржы министрлігі Иранға өз мұнайын әлемдік нарықта сатуға мүмкіндік беретін лицензияны кері қайтарып алды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget