• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мұнай бағасы құлдырап жатыр

Мұнай бағасы құлдырап жатыр
Фото: depositphotos.com

Әлемдік мұнай бағасы төмендеп, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 73 доллардан төмен түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Лондондағы ICE биржасында мамырдағы Brent мұнайының фьючерстері 0,29 пайызға төмендеп, барреліне 72,29 долларға жетті. Бұл Астана уақытымен 08:23-тегі сауда мәліметтеріне сәйкес тіркелген.

Сәуірдегі WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,13 пайызға төмендеп, барреліне 68,84 доллар болды.

Мұнай бағасы төмендеуіне негізгі себеп ретінде сарапшылар Ресейден мұнай жеткізілімдері қайта жандануы мүмкін деген болжамды және әлемдік экономикалық өсімнің баяулау қаупін атады. Сарапшылар Ресей мен Украина арасындағы ықтимал бейбіт келісімнің әсерінен санкциялар алып тасталуы мүмкін екенін де айтты.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы мұнай қоры туралы деректер бағаға белгілі бір қолдау көрсеткен. Америкалық мұнай институтының мәліметінше, резервтер 640 мың баррельге азайған, ал сарапшылар олар өсетінін болжаған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget