Эталон мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 14:18-дегі сауда деректері бойынша 1,82 пайызға төмендеп, барреліне 76,93 доллар болды.
WTI маркалы мұнай фьючерстерінің шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 2,11 пайызға төмендеп, барреліне 72,65 доллар болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!