Дүйсенбіде Азия биржаларының ашылуында мұнай бағасы 3 пайызға өсіп, барреліне 90 доллардан асты. АҚШ пен Иранның өзара шабуылдары күшеюі Ормуз бұғазы арқылы өтетін энергия ресурстары жеткізілуін одан әрі шектеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстік келісімшарттарының құны 2,69 долларға көтеріліп, 90,79 долларға жеткен. Бұл - 11 маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Сауда-саттық басталғаннан кейін баға сәл төмендегенімен, айтарлықтай өзгере қойған жоқ.
Америкалық West Texas Intermediate мұнайының бағасы барреліне 84,68 доллар болды, бұл 12 маусымнан бергі ең жоғары деңгейден 2,19 долларға немесе 2,65 пайызға жоғары.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ тоғызыншы күн қатарынан бір-біріне соққы жасап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!