АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс аясында әлемде мұнай бағасы күрт көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 11,15 пайызға өсіп, барреліне 84 доллардан асты.
WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің құны 11,42 пайызға артып, барреліне 79,57 доллар болды.
Айта кетейік, мұнай бағасы өсуінің негізгі факторларының бірі АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесі болды. Америка басшысы "осы сәттен бастап АҚШ "Ормуз бұғазының сақтаушысы" ретінде танылатынын және әділдік мақсатында оларға барлық жөнелтілген жүк құнының 20 пайызы өтелетінін" мәлімдеді.
Сонымен қатар, АҚШ-тың әскери операциясы да қосымша фактор болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!