Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, әлемде мұнай бағасы 5 пайыздан аса өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана уақытымен сағат 08:30-дағы жағдай бойынша ICE Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің құны 5,78 пайызға өсіп, барреліне 96,27 долларға жетті.
Америкалық WTI мұнайының фьючерстері 4,88 пайызға қымбаттап, барреліне 88,46 доллар болды.
Сарапшылардың пікірінше, әлемдік мұнай нарығы екі үлкен қатерге тап болды. АҚШ пен Иран арасындағы текетірес аясында Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленістен бөлек, Қызыл теңіз бен Аден шығанағын жалғайтын және әлемдік мұнай саудасының маңызды бағыттарының бірі саналатын Баб-эль-Мандеб бұғазында да жағдай ушығып кетті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз