- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мүмкіндігім бар". Қызылорда...
"Мүмкіндігім бар". Қызылорда облысының әкімі шу тудырған ұлының тойына қатысты пікір білдірді
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев брифингте қымбат мейрамханада жасалған ұлының тойына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде Қызылорда облысының әкімі ұлының тойын The Ritz-Carlton-да жасады деген ақпарат тарады. Журналист брифингте әкімге "Жаңа Қазақстанның принциптеріне сәйкес келесіз бе" деген сұрақ қойды.
"Әрбір ата-ана ұлына бір той жасап беру парыз деп ойлаймын. Әлеуметтік желіде көрсетілгендей 200-дің үстінде кісі болған жоқ. Ол жерде 100-ге тарта адам болды. Өзіміздің жақын туыстарымыз, баламыздың, келініміздің достары және әлеуметтік желіде көрсетілгендей оған миллиондаған қаражат кеткен жоқ. Сырттан ешқандай жұлдыздар шақырылған жоқ. Екіншіден, мемлекеттік қызметке дейін 10 жылдай бизнес саласында жұмыс істедім, балама кішігірім той жасауға мүмкіндігім бар. Бұл ата-ана ретінде парызым деп есептеймін", - деп жауап берді әкім.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың видеосы тараған еді. Онда әкім сұрақ қоймақ болған журналистерден қашып бара жатқанын көруге болады. Шенеунік бұл жағдайға қатысты Facebook-парақшасында пікір білдірген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек