• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын бұзған әуе компания жауапқа тартылды

Мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын бұзған әуе компания жауапқа тартылды
Фото: depositphotos.com

Астанада мүгедектігі бар адамның құқығын бұзғаны үшін әуе компания жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, 2024 жылы 3 қарашада Санкт-Петербург–Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компания тиісті қызмет көрсетпеген.

"Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды. Әуе компания қызметкерлерінің мүгедек арба қажет екені туралы қате хабарламасы уақытылы қызмет көрсетпеудің себебі болды", - деп жазылған хабарламада.

Прокуратура актісі бойынша әуе компания тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі).

Еске салайық, бұған дейін 12 жастағы қызды Орал әуежайында жалғыз қалдырған әуе компания 5 млн теңге өтемақы төлейтіні хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget