- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мүмкіндігі шектеулі жандар...
Мүмкіндігі шектеулі жандар ІТ саласына шақырылуда
2019 жылдың 24 қаңтарынан бастап «Тең IT-мүмкіндіктер әлемі» жастар лагері жобасы іске қосылады. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандарды ІТ салаға тарту арқылы әлеуметтік оңалтуға арналған жоба. Осыған орай, 24 қаңтар күні Астана қаласы, Орталық коммуникациялар қызметінде жобаның басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Жоба мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмысқа орналасу барысында бәсекелестік қабілетін дамытуға көмектеседі. Бұндай адамдардың табысқа қол жеткізу жолындағы негізгі тосқауылдары: оқу орындарының қолайсыздығы, әдістемелік оқулықтардың және басқа да оқытудың балама ресурстарының болмауы.
Ең үздік топтарға IT–шешімдерді жүзеге асыруға арналған гранттар беріледі. Шараға спикер ретінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, «Шеврон» компаниясының БАҚ-пен байланыс координары Айнұр Сыдықова, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ-ның әлеуметтік жобаларды дамыту қорының негізгі менеджері Асет Қылышбаев және тағы бірнеше спикер қатысады.
Шара барысында аралас оқыту сияқты заманауи технологиялар қолданылады. Оның құрылымына онлайн-құралдар, инклюзивті тәжірибелер мен әдістер, менторлық бағдарламалар кіреді. Нәтижесінде жобаға қатысқан адамдар бәсекеге қабілетті білім мен өз бетімен оқу дағдысын игереді.
Бұл жоба «Samruk-KazynaTrust» КҚ және «Шеврон» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асады. Жобаның ұйымдастырушылары «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ «Мойымайтын Мүгедектер Қоғамы» Қоғамдық бірлестігі және «Орталық Азияның Евразия Қоры» КҚ. Қосымша мәліметті Захира Бегалиеваға +7 701 346 0009 zahira71@inbox.ru хат жолдау арқылы немесе қоңырау шалу арқылы алуға болады.
А. Қажиев