Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы қазіргі қазақ телевизиясы туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Zamandas подкастында қонақ болып, сұхбат берген. Бағдарлама жүргізушісі Қанат Бейсекеев Ләйлә Сұлтанқызынан қазіргі қазақстандық телевизияның жай-күйі мен болашағы туралы сұрады.
"Кейде қарның ашады, кейде ренжисің. Бірақ қаншама адам сонда жұмыс істеп жатыр. Қаншама адам отбасын асырап отыр. Жасап жатқан дүниелері жаман деп айта алмаймын. Жақсы дүниелер өте көп. Бірақ сендермен жарыса алмайды. Мүмкін сендердің еркіндіктерің жетпейтін шығар. Мүмкін кәсібилік жетпейтін шығар. Монтаждың өзінде көп дүние жатыр ғой. Қазір біз тез ойлайтын жағдайға жетіп қалғанбыз. Бір минутта бір кітап оқып тастайтын жағдайға жеттік", - деді ол.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы биыл "Мамский әңгіме" подкастына да қонақ болып, сұхбат берген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!