“Мультфильмге бармаңдар демедім“. Бадықова хейтерлерге жауап қатты

“Мультфильмге бармаңдар демедім“. Бадықова хейтерлерге жауап қатты
Фото: Massaget.kz коллажы

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова желіде тараған видео жайлы ойын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осыдан бірнеше күн бұрын Дариға Бадықованың тікелей эфирде айтқан сөзі талқыға түскен еді. Disney кинокомпаниясының "Моана 2" мультфильмі жайлы айтқан видеосы халық арасында үлкен наразылық тудырды. Бұл жағдайға кинопродюсер жауап берді. 

"Хейтерлерді де қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып, жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рақмет айтамын. "Таптым-ау сені" ұнап жатыр шынымен! Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір!", - деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол "мультфильмге бармаңдар демедім" деп, әңгіменің Голливуд жайлы болғанын түсіндірді. 

"Балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны Голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ. Өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын, кейбір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын, есігіңнің алдындағы ит жаман десе намыстанатын. Хейтерлерге тілерім, өмірлері тыныш, жақындары аман болсын", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

Айта кетейік, Дариға Бадықова продюсерлік еткен "Таптым-ау сені 2" фильмі үлкен экранға диснейлік "Моана 2" фильмімен қатар жол тартқан еді. Қос туынды да 28 желтоқсаннан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. Бадықова тұсаукесері тұспа-тұс келген екі жұмыс жайлы желіде қызу талқыға салған болатын. 

Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова жарыққа шыққан фильмі жайлы уайымын бөліскен еді. Сонымен қатар кинодағы серіктесі Олжас Абай тілшімізге эксклюзив сұхбат берген болатын

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин