Денеміз бізге белгі береді деген түсінік бар. Егер ағзаңыздың жұмысы бұзылса, денеміз бізге оны хабарлап, тіпті қай ағзаның ауруға шалдыққанын көрсетуге тырысады. Сондықтан бұл белгілердің қандай болатынын біліп жүрген абзал. Назардан тыс қалдыруға болмайтын денедегі белгілерді тізіп көрейік.
Көз астының қараюы
Негізінде дәрігерлер сау болу үшін 7-8 сағат ұйықтауды ұсынады. Егер адам бұдан аз ұйықтаса, әдетте көздің асты қарайып, өзгелерге байқалады. Дегенмен, көз астының қараюы ұйқы қанбауының ғана емес, қан аздықтың да белгісі болуы мүмкін.
Көздің қарауытуы
Кейде көз алдыңызда бірден түрлі пішіндегі заттар елестеп, көруіңізге кедергі келтіруі мүмкін. Бұл суқараңғы көз ауруының дамып жатқанын білдіруі ықтимал. Сондықтан, егер көз бұршағыңыз бір аптадан астам уақыт бойы бұлдырап жүрсе, дереу көз дәрігерінің кеңесін алыңыз.
Іштің шұрылдауы
Әдетте іштің шұрылдауы қарныңыздың ашқанымен байланысты. Алайда қарныңыз аш немесе тоқ болса да бұл дыбысты үнемі еститін болсаңыз, оған қоса, шұрылмен бірге ішіңіз ауыратын болса, бірден дәрігерге қаралуыңыз керек.
Бірақ ішіңіз кейде ғана шұрылдайтын болса, алаңдайтын дәнеңе де жоқ.
Терінің жарылып, қабыршақтануы
Егер теріңіз қабыршақтанса, ағзада белгілі бір дәруменнің тапшылығы болып жатыр деген сөз. Бір қуантарлығы, бұл мәселенің шешімін дұрыс тамақтану арқылы таба аласыз. Ал егер тері қабыршанудан бөлек, қышитын болса, бұл саңырауқұлақ инфекциясын білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда тезірек дәрігер кеңесін алу керек.
Қабақтың тартылуы
Егер көзге шамадан тыс жүктеме түсетін болса, қабақ еріксіз дірілдей бастайды. Мұны тоқтату үшін суық суға малынған мақтамен көзді жуу/сүрту керек. Бірақ бұл әдіс сізге көмектеспесе, бірден невропатологқа барыңыз. Себебі, бұл жүйке жүйедегі күрделі бұзылыстың белгісі болуы әбден мүмкін.
Құлақтың шыңылдауы
Кейбір адамдар құлақтың шыңылдауын денсаулыққа ешқандай қатысы жоқ деп ойлап, аса назар аудармайды. Дегенмен бұл тиннитус деп аталатын ауыр аурудың белгісі болуы ықтимал. Анығын білу үшін дәрігер кеңесіне жазылыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін ағзаға шамадан тыс жүктеме түсіп жатқанын көрсететін 3 белгі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның түріне қарап, мінезін білуге бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!