• 499.71
  • 490.7
  • 5.61

“Мұқият қадағалау керек“. Министр Балаева әлеужелідегі ресурстардың админдеріне үн қатты

“Мұқият қадағалау керек“. Министр Балаева әлеужелідегі ресурстардың админдеріне үн қатты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кейінгі кезде интернетте заңға қайшы, шындыққа жанаспайтын ақпарат жиі тарауына байланысты үндеу жасады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балаеваның үндеуі

Министр желілік ресурстардың әкімшілерін жаңалықтарды мұқият қадағалап, расталмаған ақпарат тарауына жол бермеуге және заңға қайшы контентті жоюға шақырды. Балаева әлеуметтік желі қолданушыларынан да ойланбай әрекет етпеуді, заң талаптарына сәйкес онлайн платформаның бұғатталуы мүмкін жазбалар мен пікірлер жазбауды сұрады.

Аида Балаеваның сөзінше, миллиондаған азамат жаңалықтарды онлайн платформалардан алатынын ескере отырып, министрлік тыйым салу шараларына сирек жүгінеді.

"Дегенмен желілік ресурстардың әкімшілері де өз әрекеттерінің салдарын түсініп, ақпарат таратуда ең алдымен оқырман мен қоғам алдындағы жауапкершілікті жіті ұғынуға тиіс", - деп ескертті министр.

Статистика не дейді?

Министр статистиканы да келтірді. Оның сөзінше, 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Қазақстанда интернетте анықталған заңға қайшы контент көлемі екі есеге өсіп, 116 354 материалға жеткен.

Ең көп тарағаны қайсы?

"Ең көп таралған заңбұзушылықтар қатарында терроризмді, діни экстремизмді және есірткі құралдарын насихаттау, онлайн казино мен қаржы пирамидаларын жарнамалау бар", - дейді Балаева.

Былтыр онлайн  платформаларда 78 539 заңға қайшы материал анықталып, оның 24,3%-ы жойылған.

Президент Тоқаевтың тапсырмасы

2025 жылы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі кезде биліктің беделін түсіру, алауыздық тудыру үшін ақпараттық шабуыл белең алып бара жатқанын мәлімдеді.

"Қоғамдық пікірге теріс ықпал ету, биліктің беделін түсіру және ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратып, ақпараттық шабуыл жасау белең алып барады. Мұндай әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіреді. Сондықтан интернет платформаларда арандатушылық сипаттағы ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартуды заңмен бекіту мәселесін ойластыру керек", - деді Президент.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова