Алматыда жеке тұрғын үйге қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаскөйлер қарумен қорқытып, ақша мен алтын бұйымдарды иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын - шамамен 4 миллион теңге.
Полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, қылмысқа қатысы барларды ұстады. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иесіне қайтарылған, қалған бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленген.
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, қылмыс мұқият жоспарланған.
"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!