Алматыда қарияларды біреу өлтіріп, артынан үйін өртеп кеткен. Қайғылы оқиға Жетісу ауданындағы казармалық үлгідегі үйлердің бірінде болған. Түнгі сағат үштер шамасында көршілер қатты күйік иісін сезген. Ерлі-зайыптының көршілері оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana.tv-ға сілтеме жасап.
"Өртті сөндіру кезінде атамыздың, көршіміз Саша ағайдың денесі шығарылды. Ал дәрігерлер оны тексергенде оның 4 пышақ жарақаты бар екенін анықтады", - дейді Алматы тұрғыны Эмражан Хасанов.
Кейін бұл оқиғаға қатысты адамшошырлық мәліметтер пайда болды. Үйдің шатырының өртенуі кездейсоқ жағдай емес. Оны марқұмның қызының танысы өртеген. Бұзақы алдымен үй иесін пышақтап, кейін қылмысты жасыру мақсатында өрт шығарған. Кейін өртсөндірушілер пәтерден оның әйелінің денесін алып шықты.
"Надя апайды өлтіргенде, қолхат жазып алыпты. Онда "мен өлтірдім, өртті өзім шығардым, қызыммен бақытты өмір сүре беріңдер" деп жазылған. Мен олардың қызына жаздым. Оның марқұм ерлі-зайыптының қызымен қандай да бір қарым-қатынасы болған сияқты. Нақтысын білмеймін. Мүмкін ол мұны ойдан шығарған шығар, ал қыз ата-анасы қарсы болған соң жауап қайырмаған шығар", - дейді Алматы тұрғыны Эмражан Хасанов.
Үйде зейнеткерлермен бірге олардың аутист немересі болған. Оны көршілері құтқарып қалды. Кісі өлтірді деген күдікті оқиға орнына бір сағаттан кейін оралған. Көршілері ол осылайша тергеушілерді шатастырмақ болған деп отыр.
Ер адам қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық іс қозғалды.
"Ол қылмысқа мұқият дайындалып, қалай қашатынын, зардап шеккендердің үйіне қалай келетінін алдын ала жоспарлаған. Нақтырақ айтсақ, тергеуді жаңылыстыру үшін ол оқиға орнынан көлігін тастап, жаяу жеткен", - дейді Алматының Полиция департаменті өкілі Салтанат Әзірбек.
Өрттен зардап шеккендер қалалық әкімдіктің көмегіне үміт артып отыр. Өртті шығарған адам енді жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!