Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа білетін тұтас бір ауыл балалары фотографты тәнті етті

Желіде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа білетін тұтас бір ауыл балаларының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фотограф Ернар Алмабек әлеуметтік желідегі парақшаларында Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында түсірілген видеоны бөлісті.  

"Қарасаздан сәлем! Бұл ауылдың балалары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа біледі деуші еді. Рас екен! Таңданып, тамсанып қайттым", - дейді фотограф. 

Видеода фотограф көшеде кездейсоқ кезіккен кішкентай қыздардан "Мұқағали Мақатаев аталарыңның өлеңдерін білесіңдер ме" деп сұрайды. Қыздар еш ойланбастан ақынның "Ей, өмір", "Отан" және басқа да өлеңін жатқа айтып береді. 

Көшеде кездесіп қалған бір бала ақынның "Шыда, шыда" атты өлеңін оқыса, тағы бірі "Туған өлкеге" атты өлеңді мүдірмей, жатқа айтып береді. Одан бөлек, фотограф велосипедпен келе жатқан баланы тоқтатып, Мақатаевтың өлеңін оқып беруін сұрайды. 

Бала ентігін басып, ақынның өлеңін жатқа айтып береді. 

Ернар Алмабектің оқырмандары балалардың өнеріне тәнті болған. 

"Жарайсыңдар, балапандар! Керемет, бəрі өз туған жерінің сусынына қанық болып өсіп келе жатыр екен", "Тамаша! Мұқағали ақын атамызға құрмет!", "Былдырлаған балапандарым-ай, жарайсыңдар!", "Мә, не деген керемет. Жандарым-ау, бір мүдірмейді ғой", - дейді фотографтың оқырмандары. 

@massaget.kz #қарасаз#мұқағалимақатаев#балалар#райымбекауданы#алматы#қазақстан#конкурс#планшет#рек#хочуврек#казахстан ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!