- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұқағали Мақатаевқа тіл...
Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер жұртты ашуландырды
Өзін рилсмейкер, диктор ретінде таныстырған блогер Әлішер Теменов ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, жұрттың ашуына тиді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер ақынның өлеңіне талдау жасап, желіге жариялаған видеосы резонанс тудырды. Оның Instagrsm-парақшасына жариялаған видеосы қазір өшірілген. Онда ол Мұқағали Мақатаевтың "Бүгін менің туған күнім. Ой, пәлі-ай!.." деп басталатын "Арыз жазып кетейін" өлеңіне талдау жасаған.
"Мұқағали Мақатаев жалпы "жаловаться" ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. "Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай" дейді. "Ей, сен … (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой", – дейді блогер видеода.
@natureayul Ответ пользователю @Nurik #алматыоблысы #райымбекауданы ♬ оригинальный звук - Natureauyl
Бұл видео жұрттың ашуын тудырды. Олар блогерге ақынның ұрпақтарынан кешірім сұрауын талап етіп, үндеу жариялады. Тіпті көпшілік оны туған ауылынан тауып алғаны айтылған.
@natureayul #алматыоблысы #райымбекауданы #қарасаз ♬ оригинальный звук - Natureauyl
Кейінірек блогер жеке парақшасында тағы бір видео жариялады. Онда ол "бүкіл қазақ елінен кешірім сұрайтынын" жазған.
"Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын, – дейді Теменов видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мақатаев Мұқағали – 1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали. Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан