Tengri Auto – жазушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің қандай көлік мінгенін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұхтар Әуезов алғашқы көлігін 1947 жылы алған. Ол жылдары КСРО-да таңдауға болатын екі ғана көлік болды: "Москвич-400" (шағын класты автомобиль) және "Победа" (орта класты автомобиль).
Сол жылдары бұл көліктердің әрқайсысы жарқын және бұлтсыз болашақтың символы болды, тіпті арман деп айтуға болады. Бірақ өндіріс бссталған кезде "Москвич" ескірген модельге айналды, өйткені ол соғысқа дейінгі Opel Kadett көшірмесі болды, ал ГАЗ-М20 ("Победаның" зауыттық индексі) 40-жылдардың аяғында өте заманауи автомобиль болды және көптеген еуропалық модельдермен оңай бәсекелесе алды.
Мұхтар Омарханұлының таңдауы да "Победаға" түсті. 16 мың рубль мөлшеріндегі қажетті сома, сондай-ақ М.Әуезовке автокөлікті сатып алуға ешқандай кедергі жоқ екені туралы құжат Горький қаласының (Нижний Новгород) автомобиль зауытына жіберілді. Сонымен автомобильдің жиналғаны туралы хабарды күту, билеттерді сатып алу, зауытқа бару және көлікті үйге апару ғана қалды. Ол кезде сатып алудың басқа жолы болған жоқ.
Бірақ дәл осы сәтте "соғыстан кейінгі алғашқы ақша реформасы" пайда болды. Реформаның мәні: реформа туралы жарияланғаннан бастап 14 күн ішінде, Кеңес Одағының барлық азаматы сол кездегі қолда бар ақшаны жаңа үлгідегі ақшаға айырбастауға мәжбүр болды. 3 мың рубльден аз соманы айырбастаған адамдар үшін ескі ақша жаңаларына бір-бірден өзгерді. 3 мыңнан 10 мыңға дейін айырбасталатын сомада әр 3 ескі үшін 2 жаңа рубль ғана берілді. Ал 10 мыңнан асатын сома бағам бойынша толығымен өзгерді: 3 ескі үшін бір жаңа рубль. Сонымен қатар елдегі барлық баға бірдей деңгейде қалды. Салдарынан жаңа көлікті әлі сатып алып үлгермеген Мұхтар Әуезов ақшасының үштен екісін жоғалтты.
Реформа аяқталғаннан кейін автозауыт бухгалтериясы "Победаны" сатып алуға жеткіліксіз ақшаны Қазақстанға – Мұхтар Омарханұлына қайтарып жібереді. Әуезовтің автокөлікті сатып алуы туралы мәселе кейінге қалдырылды. Сөйтіп көлік сатып алудың кезекті әрекетінің уақыты тек екі жылдан кейін келді, яғни 1949 жылы.
Мұхтар Омарханұлы билікпен келіспеушіліктерге қарамастан, 1948 жылы КСРО-дағы ең жоғары наградалардың бірі – "Абай жолы" эпопеясының негізін қалайтын "Абай" романы үшін бірінші дәрежелі сталиндік сыйлықты (100 мың рубль) алды. Бұл кітап қазақ тілінен әлемнің басқа тілдеріне аударылды, оның үзінділері баспасөзде жарияланды, ал сол кезде филология ғылымдарының докторы, профессор және академик болған Әуезов Бүкілодақтық даңққа ие болды.
Шамамен, бір жылға жуық уақыт өткен соң, "ШВ 50-43" тіркеу нөмірі бар сарғыш түсті жаңа "Победа" жазушының меншігіне айналды. Айтпақшы, бұл жолы машинаны алу үшін зауытқа бару қажет болмады, өйткені 1949 жылға қарай Алматы қаласында алғашқы автодүкен ашылды. Екінші реттен ғана автокөлік сатып алудың тағы бір артықшылығы – 1948 жылы "Победа" күрделі жаңартудан өтті, оның барысында алғашқы жылдардағы автомобильдерге тән көптеген техникалық кемшілік жойылды. Көлікті басқару және техникалық қызмет көрсету оңай болды және салон жылытқышы сияқты пайдалы жаңалыққа ие болды.
Мұхтар Омарханұлы 1956 жылы "Победаны" сатпай, екінші көлігін сатып алуға шешім қабылдайды. Таңдау ұзақ уақыт бойы автокөлік дүкенінде тұрған және Қазақстан астанасының барлық автокөлік әуесқойын есінен тандырған көлікке түседі. Бұл – беделді "ЗИМ" көлігі.
Айта кету керек, "ЗИМ" – ГАЗ-М12 – "ЗИС" партиялық лимузинінен бір саты төмен болды және мәртебесі бойынша "Победадан" едәуір жоғары болды. "ЗИМ" автокөліктерімен облыстық комитеттердің хатшылары, генералдар, ірі кәсіпорындардың басшылары тасымалданды. Бірақ ең қызығы – бұл машиналардың шағын партиясы ресми түрде бөлшек саудаға арналған. Бұл сатылымға шыққан жалғыз премиум кеңестік көлік болды. Алайда мұндай беделді көліктің бағасы да айтарлықтай болды. Елдегі орташа жалақы – 450-ден 600 рубльмен есептегенде "ЗИМ" 40 000 рубль болды. Бұл ақшаға 50-жылдардың ортасында екі "Победа" және бір "Москвич" сатып алуға болатын еді.
1958 жылы Мұхтар Әуезовтің Мәскеудегі танылмалдылығы тағы да артты. Оның екі томдық романы – "Абай жолы" эпопеясы Бауыржан Момышұлының кітабымен бірге жұртшылықтың назарында болды. Келесі жылы жазушы ең жоғары марапатқа – бірінші дәрежелі Лениндік сыйлыққа ие болды. Әуезов қайтадан депутат болып сайланды және 1960 жылы ол АҚШ-қа баратын кеңес жазушыларының тобына кірді.
Мұхтар Омарханұлы шетелден оралғаннан кейін "америкалық әсерлер" эсселер цикліне отырады. Мүмкін, бұл жұмыс оны көлікті ауыстыру идеясына итермелеген шығар. Өйткені өткен ғасырдың 50-60 жылдарында АҚШ-тың автомобиль өнеркәсібі шың басында болғаны белгілі. Америкада әлемдегі ең әдемі, ең қуатты және ең ыңғайлы көліктер шығарылды. Сапар барысында Cadillac, Imperial және Plymouth-қа отырып көрген Мұхтар Әуезов мұны назардан тыс қалдыра алмады.
Бұл уақытта Одақта "ЗИЛ-111" және "Чайка" шығарылып жатты, олар сұлулығымен де, қуаттылығымен де шетелдік үлгілерден кем түспеді, бірақ ешқандай жағдайда бөлшек саудаға түспеді. Алпысыншы жылдары сатып алуға болатын ең сәнді көлік Волга – ГАЗ-21 болды.
Бұл машина өте заманауи еуропалық дизайнға ие болды. Салон кең және сапалы әрлеуімен ерекшеленді. Сорғыштың астында тартқыш қозғалтқыш болды. Қосымша ақыға автокөлікті автоматты беріліс қорабымен жабдықтау мүмкіндігі ұсынылды.
Сөйтіп Мұхтар Әуезов "Волганы" сатып алуға шешім қабылдады. "ШД 73-39" нөмірлік белгісі бар қара түсті жаңа көлікке арналған гараждағы орынды бұрын сатып алынған "Победа" босатты, ал оған беделді "ЗИМ" өндірісінен шығарылған көлік серіктес болды. Айта кетейік, "Волга" екінші сериядан шыққан (барлығы үшеу) және ол ГАЗ-М21И деп аталды. Бұл модель бірінші сериядан, ең алдымен, сыртқы дизайнымен ерекшеленді. Басқа радиатор торы, басқа бамперлер және шамдардың артқы реңктері. Техникалық тұрғыдан бұл жетілдірілген көлік болды.
Өкінішке қарай, Мұхтар Омарханұлы бұл көліктің барлық жағымды ерекшелігін толық бағалай алмады. 1961 жылы 27 маусымда жазушының жүрегі соғуды тоқтатты. Ол – 63 жаста еді. Келесі күні мыңдаған адам ұлы жазушы, талантты драматург және көрнекті ғалыммен қоштасу үшін Абай атындағы опера және балет театрының алаңында үлкен кезекке тұрды. Шеру баяу жүрді, автомобильдер де төмен жылдамдықпен жүрді, ал Мұхтар Әуезовтің соңғы көлігі – "Волга" бәрінен бұрын жүрді.
Бұл автомобиль 1947 жылдан 1949 жылға дейін Әуезовтер отбасында болған. Алайда ол жазушының меншігі болды ма, әлде Жазушылар Одағы қызметші ретінде сыйлыққа берілді ме, белгісіз. 1947 жылы "Победаны" сатып алудың сәтсіз әрекетінен кейін М.Әуезов пайдаланылған автокөлікті сатып алуға шешім қабылдады деп болжауға болады. Мұндай әрекеттер сол жылдары кең таралмады, бірақ ерекше адамдар үшін ерекше жағдайлар жасалды. Сонымен қатар дәл осы кезеңде барлық мемлекеттік мекемеде ескірген ГАЗ-М1 заманауи "Победаға" ауыстырылды және теориялық тұрғыдан адам есептен шығарылған көлікті сатып алуға құқылы болды.
Мұхтар Әуезов көліктерін ешқашан өзі басқарған емес, яғни оның жүргізушісі болған. Жүргізуші Мұхтар Омарханұлы өмірден өткеннен кейін де Әуезовтер отбасындағы қызметін жалғастырды. Ол негізінен отбасын "ЗИМ" көлігінде тасыған, ал "Волганы" жазушының ұлы – Эрнар Әуезов мінген.
Бірде техникалық қызмет көрсету кезінде жүргізуші "ЗИМ-ді" гараждың алдындағы тұрақ тежегішіне қойып, өзі бақылау шұңқырына түседі. Жарты минуттан кейін көлік гараждың ішіне қарай жүріп, бір жағынан шұңқырға түсіп кетеді де жүргізушіні басып қалады. Жарақат өте ауыр болды. Салдарынан жүргізуші мүгедек болып қалды. "ЗИМ" күрделі жөндеуден өтті. Көлік қалпына келтірілгеннен кейін оны сатуға шешім қабылданды. "Волга" Әуезовтер отбасында шамамен 70-жылдардың ортасына дейін болды, содан кейін ол да сатылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!