Мұхитта 41 күн бойы адасқан балықшы тірі табылды

Мұхитта 41 күн бойы адасқан балықшы тірі табылды
Фото: depositphotos.com

Папуа – Жаңа Гвинеяның 18 жастағы тұрғыны Лука Рахан қайығының қозғалтқышы істен шыққаннан кейін ашық мұхитта 41 күн бойы қалқып жүрген. Оны Кирибати балықшылары тауып, құтқарды, деп хабарлайды Massaget.kz ABC басылымына сілтеме жасап.

Өткен айда Лука немере ағасымен бірге Бугенвиль аралының солтүстігінен қайықпен балық аулауға шыққан. Теңізде қайықтың қозғалтқышы істен шыққан. Қайықта зәкір болмағандықтан, ағыс оны жағалаудан барған сайын алыстата берген.

27 қазанда Кирибати балықшылары Тарава мен Майана аралдарының арасынан қалқып жүрген қайықты байқаған. Бұл ағайындылар тұрған жерден шамамен 2000 шақырым қашықтықта орналасқан.

Анықтама: Кирибати Республикасы – Микронезия мен Полинезияда, Мұхит аралдарында орналасқан аралдық мемлекет.

Балықшылардың айтуынша, қайықта тек 18 жастағы Лука болған. Кейінірек немере ағасының құтқарылғанға дейін бір апта бұрын қайтыс болғаны анықталды.

Лука Рахан ауруханаға жеткізілді. Қазір оның денсаулығы қалпына келіп жатыр.

Бұл – кейінгі бір айда Бугенвиль тұрғындарының Кирибати маңынан құтқарылған екінші оқиғасы. Бұған дейін теңізге ағып кеткен үш балықшы 70 күн бойы ашық суда қалқып жүрген. Олар тілшілерге тасбақаның шикі еті мен какаоны азық етіп, аман қалғандарын айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABC Pacific (@abcpacific)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget