2025 жылы қазақстандық ата-аналар сәбилеріне ең жиі қойған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылы ұл балаларға қойылған ең танымал есімдер: Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр. Былтырмен салыстырғанда жаңа туған ұлдарға берілетін ең танымал есімдер тізімі өзгермеген. Дегенмен өңірлер бойынша қызық ерекшеліктер байқалады:
Қыз балалар арасында ең танымал есім - Айлин. Оны барлық аймақта жиі қойған, тек төрт облыста Асылым есіміне көбірек басымдық берілген. Сондай-ақ, қыздарға жиі қойылған есімдер қатарында Медина, Айша және Томирис бар.
Ұлттық статистика бюросы мынадай деректер келтірді:
Ведомство дерегінше, биыл орыс ұлты өкілдері арасында ең танымал есімдер - Ева және Мирон, ал өзбектер арасында - Мұхаммад және Хадича болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!