Танымал айтыскер, дінтанушы Мұхамеджан Тазабек үйленбей жүрудің күнә екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында осы тақырыпқа қатысты видео жариялады.
"Егір сіздің денсаулығыңыз ұрып тұрса, жасыңыз жетіп тұрса, басыңыз бостандықта болса, қаржы-қаражатыңыз жеткілікті бола тұра үйленбеу, ол - күнә. Себебі ғұламалардан қалған "Бір адамның осыншама бүкіл жағдайы бола тұрып үйленбесе, ол не ауру, не күнәһар" деген сөз бар. Сондықтан жағдайыңызға қараңыз", - деді ол.
Дінтанушының айтуынша, денсаулығы үйленуге жарамайтын адамдар үйленсе, басқа адамның тағдырын қор қылады екен. Мұхамеджан Тазабек мұндай жағдайда оқырмандарын сабыр етуге шақырды.
"Ал енді жағдайыңыз жартылай болса, сәл сабырмен күтуге тура келеді. Ал үйленуге денсаулығыңыз мүлдем жарамаса, бір адамның тағдырын қор қылатындай болсаңыз, онда сабыр қылып, Алладан сұрап, денсаулығыңыз түзелгенше, біреуді асырауға мүмкіншілігіңіз жеткенше сабыр қыласыз", - деді ол желіде.
Еске салайық, Мұхамеджан Тазабек қазір немен айналысатыны туралы сұраққа да жауап берген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз