Астананың Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Бағлан Ыдырысов экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де айыпталушылардан 43 миллион теңгені өндіру туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сот үкімімен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің талабы қанағаттандырылды. Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу барысында 111 миллион теңгеден астам шығынды ішінара өтегені үшін, сот сотталғандардан 43 млн. теңгеден астам өтелмеген залалды өндіріп алады" - деді судья.
Осы үкiм заңды күшiне енген күннен бастап сотталғандарға сот үкiмiн өз еркiмен орындауға бiр ай уақыт беріледі. Егер олар бұл уақыт ішінде залалды өтемесе, онда шешім мәжбүрлі түрде орындалады.
Еске салайық, бүгін бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!