Мүгедектігі барларға қызмет көрсетпеген: Әділет министрлігі такси компаниясын сотқа берді

АҚШ әділет министрлігі Uber компаниясын сотқа берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ әділет министрлігі Uber-ді сотқа берді. Айыптауға сәйкес компания жүргізушілері ит-мысығын ерткендер мен мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсетуден бас тартқан.

Сонымен қатар, оларға негізсіз қосымша ақы мен айыппұл салынған. Uber тарапы өздеріне тағылған айыптан бас тартып, сотқа шағымданатынын хабарлады. Айта кетейік, 2021 жылы да компания осындай жағдайлар үшін 2 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеген болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!