Қазақстанда 148 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, биылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша мүгедектігі бар адамдар арасында 148 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 39 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл ретте өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50 пайызға жетпейді.
Жұмыспен қамту салалары бойынша ғылыми қызмет, мемлекеттік басқару, білім беру және сауда, денсаулық сақтау салалары көш бастап тұр.
"Кәсіптер бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21 пайызы - кәсіби мамандар, 19 пайызы - біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13 пайызы - техник-мамандар, 11 пайызы - басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер", - деді Светлана Жақыпова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз