Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірін зейнетке ерте шығару мәселесі қарастырылатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың мәселесін көтерді.
"Аутизм, церебральды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балаларға өмір бойы ересек адамның күтімі керек. Оның жанында адам жүруі қажет. Осыған байланысты олардың ата-аналарының біреуінің зейнет жасын төмендету жағын қарастырып отырсыздар ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бірге кешенді жұмыс жүргізуді жоспарда бар ма?", - деді депутат.
Министр аталған мәселе қарастырылатынын жеткізді.
"Мен бұл ұсынысты алғаш рет естідім. Негізі мәселені зерттеуге, ұсынысты қабылдауға болады. Біз ұсынысты қарастырымыз", - деді Ақмарал Әлназарова.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!