- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мүгедек балалар емделу...
Мүгедек балалар емделу құқығынан айырылатыны рас па? Министрлік пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық оңалтудың жаңа стандартына қол қойғаны туралы ақпарат тарады. Оған сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар емделу құқығынан айырылады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қолданушылардың айтуынша, медициналық оңалтудың жаңа стандартына сәйкес тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұдан былай амбулаториялық оңалтудан өте алмайды. Құжат оларды жолдамаларды жылдар бойы күтуге тура келетін ауруханаларда ғана емдеуге міндеттейді.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, министрлік өкілдері тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар бұрынғыдай амбулаториялық және стационарлық жағдайда оңалтудан өте алатынын жеткізді.
Жаңа стандарттың мәтіні баршаға қолжетімді және кез келген адам мәтінмен таныса алады. Онда церебрал ауруына шалдыққан балаларға амбулаториялық емделуге тыйым салатын тармақтар жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек