Қазақстанда мұғалімдердің еңбек құқықтарын қорғауға және кәсіби қызметінде туындайтын мәселелерді жедел шешуге арналған 1472 байланыс орталығы іске қосылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Жаңа қызмет Оқу-ағарту министрлігінің "Ұстаз" платформасы аясында жұмыс істейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді. Оның айтуынша, енді педагогтер бірнеше мекемеге өтініш жолдап, ұзақ уақыт жауап күтпей, қажетті кеңесті бір байланыс нөмірі арқылы ала алады.
1472 нөмірі арқылы педагогтер:
Байланыс орталығының мамандары өтініштерге жедел жауап беріп, мәселені шешуге қажетті бағыт-бағдар ұсынады.
Орталыққа келіп түскен өтініштер педагогтердің құқықтары мен жеке деректерінің құпиялығы сақтала отырып қаралады.
Министрдің айтуынша, қызметтің негізгі мақсаты – мұғалімнің мәселесін назардан тыс қалдырмай, оның заңды құқығы мен кәсіби абыройын қорғауға нақты көмек көрсету.
Қазіргі уақытта 1472 байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс істеп жатыр. Мамандар жүйенің тұрақтылығын тексеріп, анықталған техникалық ақауларды реттейді. Толыққанды іске қосу жұмыстары тексеру аяқталғаннан кейін жоспарланған.
Жұлдыз Сүлейменова педагогтерді жаңа мүмкіндікті пайдаланып, сұрақтары мен ұсыныстарын жолдауға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы мұғалімдердің беделі мен қадір-қасиетін қорғауға ерекше назар аударып, педагогтерге дөрекілік көрсету және күш қолдану жағдайларына тосқауыл қою қажеттігін айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз