Бұған дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келген Мұғалімдер күні енді 5 қазанға ауыстырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің қаулысы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "36. Мұғалім күні – 5 қазан", - делінген құжатта.
Оқу-ағарту министрлігі бұл өзгерісті 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 22-4423-3 Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомрат Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында енгізілгенін айтып түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!