Мұғалімдердің жалақысы көбейеді

Мұғалімдердің жалақысы көбейеді
Фото: akjunis.kz

Мұғалімдер үшін қуанышты жаңалық. Алдағы уақытта ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді. Биылғы жылы кәсіби стандарт жүйесі енгізіліп, артық ауыртпалық иықтан түспек. Яғни, жалақы категория бойынша беріледі. Бұл туралы халық алдында есеп берген Білім министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

Отырыста Ерлан Сағадиев мырза өткен жылға көз жүгіртті. Атқарылған жұмыстарды тізбектеп, жеткен жетістіктерді жасырып қалмады. Соның бірі ұстаздар жалақысы төңірегінде болды. Айтуынша, алдағы уақытта мұғалімдердің қызметі санатқа бөлінеді. Айлықтары да соған орай көтерілмек. Бұл тұста еңбек өтілінің маңызды екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, мойынға жүктелген қосымша сағаттар қысқартылып, ретті жұмыс жасамақ.

«Барлығын бір жүйеге келтіріп, әркімнің қажетті деңгейде еңбекақы алуын қарастырып отырмыз. Оның ішіне мұғәлім, тәрбиеші мен сынып жетекшілері бар. Осы тұста мектеп директорлары мен колледж басшылары да айлықтың өсуін сұрап отыр», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

 almaty.tv

М. Ақан