“Мұғалімдер артық жүктемеден босатылады“: Асхат Аймағамбетов жақсы жаңалықты жеткізді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында педагогтер үшін жақсы жаңалықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, мұғалімдерге қатысты заң жобасы әзірленген.

"Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеуден, түнде және жұмыстан тыс уақытта WhatsApp-та жауап беруге міндеттеуден, есепті электрон және қағаз жүзінде қайталап тапсырудан қорғау үшін арнайы заң жобасын әзірледік. Енді заң жобасын жұмысқа қабылдаймыз. Келесі аптадан бастап жұмыс тобында талқылауды бастаймыз. Бұл - өте маңызды мәселе. Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен саналы тәрбиемен айналысуға тиіс", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өңірлердің Білім басқармалары басшыларына жиын өткізіп, білім сапасына қатысты сыни пікір білдірді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!