Мұғалім туған балаларының жүрек тұсына пышақ сұғып өлтірген

Самарқанда мұғалім болып жұмыс істеген 27 жастағы әйел туған балаларының жүрегіне пышақ сұғып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Өзбекстан сот үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 8 қарашада әйел кенеттен психикалық бұзылыс салдарынан кәмелетке толмаған ұлдарын пышақтап өлтірген.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, балалардың өліміне кеуденің сол жақ бөлігіндегі пышақ жарақаттары нәтижесінде жүрекке зақым келген, салдарынан ұлдар көп қан жоғалтқан.

Әйел Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кінәліге дәрменсіз жағдайда екені белгілі болған екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіру) 2-бөлігінің "а, в" тармақтарында көзделген қылмыс жасады деп айыпталып жатыр. 

Прокурордың өтінішін ескере отырып, сот әйелді уақытша ұстау изоляторына қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз