- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұғалім Тоқаевтың қытай...
Мұғалім Тоқаевтың қытай тілінде сөйлегенін бағалап, TikTok-та танымал болды
Қазақстандық оқытушы Санжар Ділдәбеков TikTok-та Мемлекет басшысының қытай тілінде сөйлегенін талдайтын бейнеролик жариялады. Видео трендке айналып, жарты миллионға жуық қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Санжар Ділдәбеков Қытайда сегіз жылдан аса уақыт тұрған. Ол 16 жасында тіл курстарының грант иегері атанған. Оның оқуы Қытайдың солтүстігіндегі шағын қала Цзыбода (Шаньдун провинциясы) өткен.
"Маған ең қиын нәрсе айтылымы болды. Себебі кекештігімнен екі есе көп күш салуым керек еді, адамдар мені оңай түсінгенін қаладым", - дейді ол өзі туралы.
Шамамен үш жыл бұрын оның таныстары Қазақстанда қытай тілі мектебін ашқан, оларға мұғалім керек болған.
"Бірнеше ай бұрын TikTok аудиториясы үшін қысқа видео-сабақтар жасау туралы идея пайда болды. Блогер атақты адамдардың ағылшын тілін қалай меңгергенін бағалайтын видео көрдім. Осылайша, Президенттің тіл білу деңгейін бағалау идеясы пайда болды, өйткені адамдар оны қытай тілінің нағыз маманы екенін айтады", - деді мұғалім.
Ділдәбековтің айтуынша, Мемлекет басшысы бір сөздің мағынасын өзгертетін үн ерекшеліктерін жақсы біледі. Қытай тілінде оның төртеуі бар.
"Президенттің zheng ge емес, zhen ge er деп айтқаны мені таңғалдырды. Осы "er" Бейжің диалектісіне тән. Сірә, ол бұл сөйлемді қалыптасқан әдеті бойынша айтты. (...) Мен Президенттің сөйлегенінде үн барын естідім. Әрине, олардың бәрі мінсіз емес, бірақ мен олардың барын байқадым", - деді ол.
Мұғалім Президент субтитрлердің мағынасын өз сөзімен жеткізетін үзіндіге таңғалған.
"Бұл жерде жаттап алу емес, мәтінді саналы түрде айту болды. Сондай-ақ, ол сол тілде сөйлейтіндер қолданатын сөзді пайдаланды. Бұл оның тіл білу деңгейі Intermediate-тен жоғары (орташа деңгейден жоғары) екенін көрсетеді", - деді ол.
Ж. Қадыржанова"Қытай тілінде орыс және қазақ тілдерінен айырмашылығы сөйлеу қарқыны деген нәрсе бар. Президентте ол бар. Сонымен қатар, бұл видеода Тоқаевтың екпіні естілмейді, оның сөйлегенін сол тілде еркін сөйлейтін адамнан ажырату өте қиын", - дейді ол.