- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұғалім мектеп ережесін...
Мұғалім мектеп ережесін бұзғаны үшін балаларды телефондарын суға тастауға мәжбүр еткен
Қытайда мұғалім оқушылары мектепке ұялы телефон әкелмеуі үшін жаңа әдіс ойлап тапқан. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан оқу орындарының бірінде мұғалім мектеп оқушыларын телефондарын суға батыруға мәжбүр еткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы South China Morning Post-қа сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, осылайша, мұғалім балаларды мектеп ережелерін бұзғаны үшін жазалаған. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Желі қолданушылары арасында видео түрлі пікір қалыптастырған. Көбі мұғалімді қатыгез әрекеті үшін сынға алған. Сонымен қатар, ата-аналардан балалары телефон пайдалану ережелерін бұзса, олар ұялы телефонды еденге лақтыруға дейін жазалануы мүмкін екені туралы келісім алынғаны да айтылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова